JUZZEFINA-НЫҢ АТА-АНАСЫ СОТҚА ЖҮГІНДІ

Бүгін, 00:53 / taulik
Сурет ЖИ арқылы жасалған

Juzzefina лақап атымен танымал блогер әрі әнші Жұлдыз Жауынбаева бірнеше күн бұрын тікелей эфирде туған әкесі бала кезінде өзіне зорлық көрсеткенін мәлімдеген еді. Алайда аталған оқиғаға қатысты күтпеген жаңа дерек пайда болды, деп жазады taulik.kz, Turkystan.tv-ға сілтеме жасай отырып.

Turkystan.tv мәліметінше, Қостанай облыстық Полиция департаменті бұл факті бойынша арнайы тексеру жүргізіп, блогердің айтқан мәліметтері шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаған.

«Әлеуметтік желілерде блогердің қатысуымен түсірілген бейнематериалдар таралуда. Онда ол әкесінің тарапынан бала кезінде өзіне қатысты құқыққа қарсы жыныстық іс-әрекеттер жасалғанын мәлімдейді. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, туыстарынан жауап алып, жарияланған материалдарды зерделеді», - делінген ресми хабарламада.

Полиция мәліметіне сәйкес, блогердің ата-анасы видеода айтылған ақпараттардың шындыққа жанаспайтынын айтқан. Сонымен қатар олар қыздарымен ұзақ уақыттан бері байланыс жасамайтынын жеткізген.

Белгілі болғандай, ата-анасы қыздарының үстінен арыз жазған. 
«Ата-анасының арызы негізінде жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік іс қозғалды. Сондай-ақ бойжеткен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылады», - деп хабарлады полиция өкілдері.

Тэгтер:

#Жанжал #Блогер #Хайп #Дау #Сот