Ресейдің Полтавская мұнай базасы өртке оранды

Бүгін, 12:14 / taulik
pulsfid.ru

Украинаның Ресейге дрон шабуылынан соң, Краснодар өлкесіндегі Полтавская мұнай базасы өртке оранды, деп хабарлайды Taulik.kz Ateo Breaking Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

25 маусымға қараған түні Ресейдің Краснодар өлкесіне қарасты Красноармейск ауданындағы Полтавская мұнай базасында өрт шықты. 

Аудан басшысы Александр Харитонов хабарлауынша, өртке әуе қорғаныс күштері атып түсірген дрон сынықтарының мұнай базасы аумағына құлауы себеп болған.

Ал Украина тарапы өрт дрондардың тікелей соққысынан болды дейді. Украинаның Exilenova+ Telegram-арнасы шабуылдан кейін Полтавская мұнай базасында үш бірдей резервуардың өртенгенін хабарлады.

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде Полтавская станицасы мен Трудобеликовский хуторын жалғайтын тас жол уақытша жабылғандығы жөнінде ақпарат тарады. Cондай-ақ, Мәскеу тұрғындарына дрондар қаупіне байланысты мобильді интернеттің үзілуі мүмкін екендігі туралы ескерту жасалды. 

Тэгтер:

Ресей Украина Полтавская мұнай базасы