АҚШ-та із-түзсіз жоғалып кеткен қазақстандықтың мәйіті елге әкелінді – СІМ

Бүгін, 16:55 / taulik
Ulysmedia.kz

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев АҚШ-та қайтыс болған Қазақстан азаматы Әсет Құралбайдың денесі елге жеткізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz

— 25 маусым күні Қазақстан азаматының мәйіті елге жеткізілді. Нью-Йорктегі Бас консулдығымыз барлық қажетті консулдық-құқықтық қолдау көрсетіп, марқұмның денесін отанына тасымалдауға жәрдемдесті, — деді Ерлан Жетібаев.

Бұған дейін АҚШ-та қазақстандық азаматтың із-түзсіз жоғалып кеткен еді хабарланған болатын. Ол барлық құжаттары мен ақшасын үйіне қалдырып кеткен.



 

Тэгтер:

АҚШ Ерлан Жетібаев Әсет Құралбай