Қазгидромет дабыл қақты: Қазақстанда +41 градусқа дейін ысиды

Бүгін, 19:07 / taulik
Сурет ЖИ арқылы жасалған

26 маусым күні Қазақстанның бірнеше өңірінде аптап ыстық болып, ауа температурасы +41 градусқа дейін көтеріледі. Бұл туралы taulik.kz, qumash.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Қазгидромет» мамандарының болжамынша, ел аумағының басым бөлігінде өрт қаупі сақталып, ауа райы құбылмалы болады. Атмосфералық фронттардың әсерінен бірқатар өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін.

Синоптиктердің мәліметінше, әсіресе еліміздің батысы мен шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Сонымен қатар екпінді жел, дауыл және тұман болуы ықтимал.

Ал күндіз ең жоғары температура Түркістан облысы аумағында тіркелмек. Мұнда ауа температурасы +40…+41 градусқа дейін көтеріледі деп болжанған.

Сондай-ақ Алматы облысы, Жамбыл облысы және Павлодар облысы өңірлерінде де қатты ыстық күтіледі.

Ал Жетісу облысы, Ұлытау облысы, сондай-ақ Абай облысы мен Қарағанды облысының оңтүстік бөлігінде ауа температурасы +35…+38 градусқа дейін жетеді.

Мамандар тұрғындарға күннің ең ыстық уақытында сыртта ұзақ жүрмеуге, көбірек су ішуге және өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға кеңес берді.

Тэгтер:

#Ауа-райы #Температураның өсуі #Казгидромет #Аптап ыстық