Алматыда 26 маусымда қай жолдар жабық және қозғалысы шектелген, бұл туралы Taulik.kz мәлімдейді.
Қай жолдар жабық?
14 маусымнан бастап Масанчи көшесінде Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейін оңтүстік бағыттағы қозғалыс жабық..
15 маусымнан бері Жұмабаев көшесінің Сельская көшесінен Жансүгіров көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы тоқтатылды. Бұл учаскеде кәріз желісін реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндеу шамамен үш айға созылады.
30 маусымға дейін Төле би көшесінің Саин көшесінен Отарская көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы шектеледі.
Маусым айында Әл-Фараби даңғылында Луганский көшесінен Қаратаев көшесіне дейінгі аралықта газ құбырын жаңғырту жұмыстары басталды. Қажет болған жағдайда жол уақытша жабылуы мүмкін.
3 шілдеге дейін Алатау ауданы Теректі шағын ауданындағы Айналмалы көшесінде Мартөк көшесінен Орталық көшесіне дейін көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Шектеу су құбыры мен кәріз желілерін тарту жұмыстарына байланысты енгізілген.
31 шілдеге дейін Сыздық көшесінің екі учаскесінде қозғалыс жабылады. Атап айтқанда, Сыздық – Қайдар және Сыздық – Момышұлы көшелерінің қиылыстарында көлікке шектеу енгізілді.
LRT құрылысына байланысты Момышұлы көшесінің Мөңке би көшесінен Төле би көшесіне дейінгі бөлігінде көліктер үшін ортаңғы екі жолақ жабылады.
Bes.media хабарлауынша, мына көшелерде де жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Масанчи көшесінің Төле би көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейінгі бөлігі жабық. Бұл аумақта Сейфуллин көшесіндегі жаңа перзентхана ғимаратына жылу желілері тартылып жатыр. Кейін жұмыстар Бөгенбай батыр көшесінде жалғасады.
Тимирязев көшесінде Жандосов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін абаттандыру жұмыстары басталды.
Өтепов көшесінің Розыбакиев көшесінен ҚР ІІМ Алматы академиясына дейінгі бөлігінде солтүстік жақтағы тротуар жөнделіп жатыр.
Өтепов көшесінің Розыбакиев көшесінен Кекілбайұлы көшесіне дейінгі аралығында веложол жабық.
Жетісу көшесінің Мақатаев көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі бөлігінде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Тәуелсіздік монументі маңында қоғамдық кеңістікті жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Осыған байланысты қозғалыс жабылған.
Ақтамберді жырау көшесінде Арман көшесінен Құлыбеков көшесіне дейін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.