Израиль ұзақ жылдардан кейін армян геноцидін ресми түрде мойындады

Бүгін, 11:57 / taulik
ашық дереккөзден

Израиль үкіметі Осман империясы тұсында армян халқына қарсы жасалған қырғынды геноцид деп тану туралы қарарды бірауыздан қолдады, деп хабарлайды Taulik.kz.

Израиль Сыртқы істер министрлігінің дерегінше, құжатта Осман билігінің саясаты салдарынан шамамен 1,5 миллион армянның қаза тапқаны және Анадолыдағы армян халқына тиесілі ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени-тарихи мұраның жойылғаны айтылған.

Елдің Сыртқы істер министрі Гидеон Саар Израильдің тарихи шындықты мойындаған 32 елдің қатарына қосылғанын айтып, «дұрыс қадам жасауға ешқашан кеш емес» екенін мәлімдеді.

Осы уақытқа дейін Израиль Түркиямен қарым-қатынасқа нұқсан келтіруі мүмкін деген алаңдаушылыққа байланысты Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы армяндардың жаппай қырылуын геноцид ретінде мойындаудан тартынып келген. Алайда соңғы жылдары екі ел арасындағы қарым-қатынастың нашарлауынан кейін бұл ұстаным өзгерді.

Тэгтер:

Израиль армян геноциді Осман билігі Гидеон Саар