Мәһір – ислам отбасылық құқығында некеге тұру кезінде ер адамның әйеліне беретін мүлкі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ресми сайтында неке шарттарына қатысты түсініктеме бере отырып, қазіргі өзекті қоғамдық тақырыптардың бірі – мәһр мөлшеріне байланысты өз ұстанымын жариялады, деп хабарлайды Taulik.kz.
ҚМДБ ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, мәһрдің мөлшерін ер азаматтың материалдық мүмкіндігіне қарап, отбасының әлеуметтік жағдайын ескере отырып айтқан жөн
"Мәһр – ер адамның неке қиылу барысында қалыңдыққа өз ризашылығымен беретін шариғи сыйы. Ханафи мәзһабында мәһрдің ең төменгі шегі 10 дирхам. Сахабалар өмір сүрген заманда 10 дирхам бір алтын динарға тең болған. Бұл қазіргі өлшеммен 4,25 грамм алтын немесе соған тең келетін ақшалай қаражатқа (нарықтағы құнына) сәйкес келеді. Мәһрдің мөлшерін ер азаматтың материалдық мүмкіндігіне қарап, отбасының әлеуметтік жағдайын ескере отырып айтқан жөн. Өйткені мәһр күйеу жігітті қарызға батыратындай көп немесе қыздың көңілін қалдыратындай аз болмауы керек", – делінген хабарламада.