89 жастағы қарияның жазып жүрген тізімі елді елең еткізді (ФОТО)

Бүгін, 14:35 / taulik
ult.kz

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Сарыөзек ауылында егде жастағы зорлық-зомбылық жасалған егде жастағы қария көпшіліктің назарын аударған болатын. Белгілі болғандай, қазір ақсақал немерелерінің қолына көшкен, деп хабарлайды Taulik.kz.

Немерелері қарияның ұлы алып қойған заттың бәнін тізіп жазып жүргенін айтты. Ал ұлы қарияны есінен ауысқан деп қаралауға көшкен көрінеді. 

Қарияның айтуынша, ұлы зорлық-зомбылық көрсетіп, еркін жүруіне мүмкіндік бермей ұрып-соққан.

– «Маңдайымнан салып қалды. Түнде кіші дәретке барғым келіп, сыртқа шығайын десем, тағы айқайлайды. “Бармайсың, қайда?” дейді. Сол кезде әжетхананың жанындағы сөреде ине-жіп салатын құты болатын. Ішінде қайшы бар еді. Соны алып, қашып кетуге әрекеттендім», – дейді қария.

Оның айтуынша, жұбайы өмірден өткеннен кейін туыстары қара шаңыраққа сирек келетін болған. Уақыт өте келе үйдегілердің де қарым-қатынасы өзгеріп, жақындарымен байланысы үзіліп қалған.

Тэгтер:

зорлық-зомбылық қария Атырау облысы