Қытайлық миллиардер АҚШ-та 30 жылға сотталды

Бүгін, 16:17 / taulik

АҚШ-та Қытай билігін сынаушы ретінде танылған миллиардер Го Вэньгуй қаржылық алаяқтық ісі бойынша 30 жылға сотталды, деп хабарлайды Taulik.kz AP News-ке сілтеме жасап.

Іс Нью-Йорктегі Манхэттен сотында қаралды. Сот мәліметінше, Го Вэньгуйдің әрекетінен әлем бойынша мыңнан аса адам зардап шеккен. Олар жүздеген миллион долларынан айырылған.

Судья Аналиса Торрес Го Вэньгуй адамдардың Қытайдағы демократиялық өзгерістерге деген үмітін пайдаланып, олардың қаржысын жеке мақсатына жұмсағанын айтты.

Сот шешімімен Го Вэньгуй 30 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол 889 миллион доллар көлеміндегі қаржыны өтеуге міндеттелді.

Го Вэньгуй Қытайдан шамамен он жыл бұрын кетіп, АҚШ-та Қытай Коммунистік партиясын сынаушы ретінде танылған. Бұған дейін ол америкалық саяси кеңесші Стив Бэннонмен бірге Қытай үкіметіне қарсы бастама жариялаған.

Тэгтер:

АҚШ Қытай Го Вэньгуй