Айман Талғатқызы Тұрсынбек Қабатовтың балаларының тойына неге бармағанына қатысты ашық жауап берд

Бүгін, 14:46 / taulik
Фото: instagram.com/adema.tursinbekkyzy / t_a_d_d_s_

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші жары Айман Талқатқызы өнер иесінің балаларының қуанышына арнап ұйымдастырылған тойға неліктен қатыспағанын түсіндірді, деп хабарлайды TAULIK.KZ Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

Күні кеше әзілкештің бұрынғы жары Мөлдір Мұқанова өткізген дүбірлі той желіде қызу талқыға түскен еді. Әлеуметтік желі қолданушыларының бір бөлігі Тұрсынбек Қабатовтың балаларының тойына келмегенін дұрыс емес санап, бұған оның қазіргі жары Айман Талғатқызын себепкер деп болжады.

Осыдан кейін оқырмандардың бірі Айман Талғатқызынан Тұрсынбекті тойға “неге жібермегенін” сұрап, әзілкештің мұндай шараға бармауын түсінбейтінін жазған.

“Тойға неге жібермедіңіз? Тұрсынбектей тұлға әйелдің айтқанын тыңдап, тойға бармай қалғаны не сасқаны екен?” – деп жазған қолданушы.

Айман Талғатқызы бұл пікірге жауап беріп, мұндай әңгімелердің негізсіз екенін айтты. Оның сөзінше, ол бұл мәселеге араласпаған және күйеуінің шешіміне ықпал етпеген.

“Осы бір жерде мен тойға жібермедім деп айтып жатыр ма? Менің оларда не шаруам бар? “Барсам бола ма?” деп сұрап тұрған еркек те жоқ. Кішкене миға қонымды әңгіме айтсаңдаршы”, – деп жауап берді ол.

Тэгтер:

өнер Той TAULIK.KZ Тұрсынбек Қабатов Айман Талқатқызы Мөлдір Мұқанова дүбірлі той