Зеленский Ресейдің әскери әлеуетіне қатысты мәлімдеме жасады.

Бүгін, 15:17 / taulik
Фото: әлеуметтік желі

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің әскери әлеуетіне қатысты бірқатар мәлімдеме жасады, деп хабарлайды taulik.kz

Оның айтуынша, Ресейдің қуатты баллистикалық зымырандары бар және болашақта оларды 5000 шақырымға дейін ұшыру мүмкіндігі арта түсуі ықтимал. Зеленскийдің сөзінше, бұл тек уақыт мәселесі. Ол мұндай қару түрлерінің дамуы халықаралық қауіпсіздікке де әсер етуі мүмкін екенін айтты.

Сонымен қатар Украина президенті бүгінде елдің қорғаныс өнеркәсібі айтарлықтай күшейгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, төрт жылдан бері жалғасып келе жатқан соғыс жағдайында Украина өз күшімен ұшқышсыз ұшу аппараттарын, зымырандарды, артиллериялық жүйелер мен броньды техниканы өндіруді жолға қойған.

Мемлекет басшысы сондай-ақ атысты тоқтату мәселесіне де тоқталды. Оның пікірінше, Украина аумағында уақытша бітімге келу мүмкін болғанымен, бұл өте күрделі үдеріс. Зеленский Ресей президенті Владимир Путин үшін басты мақсат әскери жеңіске жету екенін айтты.

Зеленскийдің айтуынша, егер Ресей өз мақсатына жетсе, бұл тек Украина үшін ғана емес, өзге мемлекеттердің қауіпсіздігіне де қауіп төндіруі мүмкін.

Айта кетейік, Ресей тарапы Украина президентінің бұл мәлімдемелеріне қатысты ресми пікір білдірген жоқ. 

Тэгтер:

Ресей Украина Путин соғыс Зеленский