ОСК жанынан шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 60 байқаушысы аккредиттелді

Бүгін, 17:21 / taulik
Сурет ЖИ арқылы жасалған

ОСК жанынан шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 60 байқаушысы аккредиттелді

Құрылтай сайлауына халықаралық байқау жүргізетін алғашқы халықаралық байқаушылар аккредиттелді

Қазақстандағы сайлау халықаралық байқаушылардың зор қызығушылығын тудыруда

 

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауына байқау жүргізуге қанша халықаралық байқаушының аккредиттелгені туралы айтылды.

ОСК Төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман ағымдағы жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарының сайлауына халықаралық байқау институтын ашу туралы шешім қабылданғанын атап өтті. Сыртқы істер министрлігі мен Орталық сайлау комиссиясы сайлауды байқауға қатысу үшін бірқатар мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарға тиісті шақырулар жолдаған.

«Бүгінгі таңда Орталық сайлау комиссиясына аккредиттеу үшін 3 халықаралық ұйым мен 4 шет мемлекеттің 60 байқаушысының кандидатурасы ұсынылды. Атап айтқанда, ТМД байқаушылар миссиясынан - 4 адам, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясынан - 19 адам, ЕҚЫҰ ДИАҚБ байқаушылар миссиясынан - 32 байқаушы, сондай-ақ Мальдив Республикасы тарапынан 2 кандидатура, оның ішінде осы елдің Сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары ұсынылды. Бұдан бөлек, Астанада аккредиттелген дипломатиялық корпустың дуайені болып табылатын Палестинаның Қазақстандағы Елшісі, Венесуэланың Қазақстандағы Елшісі және Венгрияның Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі де аккредиттелді. Аккредиттеуге қатысты ұсыныстар келіп түсуіне қарай байқаушылар туралы мәліметтер жаңартылып отырады», - деді Мұхтар Ерман.

Отырыс қорытындысы бойынша Орталық сайлау комиссиясының мүшелері шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы қаулы қабылдады.
           
                                                                                                                                              

 

 

Тэгтер:

#60 байқаушы #Парламентаралық АссамблеясыПарламентаралық Ассамблеясы #ОСК #Құрылтай сайлауы #Орталық сайлау комиссиясы