Қазақстандағы автокөлік саны 6 миллионнан асты

Бүгін, 17:42 / taulik
Сурет ашық дереккөзден алынған

2026 жылдың маусым айында Қазақстанда 167 878 автокөлік мемлекеттік есепке тіркелді. Бұл көрсеткіш мамыр айымен салыстырғанда 13,7%-ға жоғары. Мамырда ел бойынша 147 668 көлік тіркелген болатын. Маусым айында есепке қойылған көліктердің басым бөлігін жеңіл автомобильдер құрады. Олардың үлесі 87,4%болса, жүк көліктері - 5,7%, тіркемелер - 2,4%, мотоциклдер - 1%, автобустар - 0,9%, ал өзге көлік түрлері 2,6% болды, деп хабарлайды Taulik.kz, stat.gov.kz-ке сілтеме қалдыра отырып.

Қозғалтқыш көлемі бойынша тіркелген көліктердің 34,5%-ының қозғалтқышы 1500–2000 текше сантиметраралығында.

Жанармай түріне қарай тіркелген көліктердің құрылымы төмендегідей:

бензинмен жүретін - 136 232 көлік (жалпы көлемнің 81,1%-ы);

дизель отынымен жүретін - 10 845 көлік (6,5%);

газбен жүретін - 895 көлік (0,5%);

аралас отын түрін пайдаланатын - 11 183 көлік (6,7%);

электр қуатымен жүретін - 2 872 көлік (1,7%);

отын түрі көрсетілмеген - 5 851 көлік.

2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөліктердің жалпы саны 6 млн 25,9 мыңғажетті.

Тіркелген автопарктің құрылымында:

жеңіл автомобильдер - 5 млн 53,7 мың (83,9%);

жүк көліктері - 493,7 мың (8,2%);

автобустар - 89,5 мың (1,5%);

мотоциклдер - 74,2 мың (1,2%);

тіркемелер - 262,3 мың (4,4%);

өзге көлік құралдары - 52,6 мың (0,9%).

Ең көп автокөлік Алматы қаласында тіркелген - 733,3 мың. Екінші орында Алматы облысы тұр, мұнда 646,3 мың көлік есепке алынған.

Мәліметтер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері негізінде ұсынылды.

Тэгтер:

# автокөлік #Қазақстандағы автокөлік #Жанармай