«Жасыл даму» АҚ Қазақстанда қалдықтарды қайта өңдеу саласын дамытуға 116 млрд теңге бағыттады

Бүгін, 13:34 / taulik

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «Жасыл даму» АҚ кәдеге жарату төлемдері есебінен 30 инвестициялық жобаны қаржыландыруға 116 млрд теңгеге жуық қаражат бағыттады. Бұл жобалар елімізде қалдықтарды басқару инфрақұрылымын дамытуға арналған. Атап айтқанда, жаңа қайта өңдеу кәсіпорындарын салу, қалдықтарды сұрыптау кешендерін іске қосу және арнайы техника сатып алу көзделген, деп хабарлайды Taulik.kz.

Бүгінгі күні ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы Инвестициялық штаб жалпы қаржыландыру көлемі 376,8 млрд теңгені құрайтын 68 жобаны мақұлдады. Соның ішінде 30 жобақаржыландырылды.

Қаржыландырылған жобалардың ішінде:

• 5 жоба жылдық қуаты 640 мың тонна болатын қатты тұрмыстыққалдықтарды сұрыптау нысандарын құруды;

• 16 жоба жылына 430 мың тонна қалдықты қайта өңдеуге мүмкіндікберетін қайта өңдеу өндірістерін дамытуды;

• 9 жоба 128 бірлік арнайы техника сатып алуды көздейді.

Қазіргі таңда 12 жоба пайдалануға берілді. Олардың аясында 122 бірлік арнайы техника сатып алынды, жылына 140 мың тонна қалдықты сұрыптайтын желілер іске қосылды. Сонымен қатар жылдыққуаты 18,3 мың тоннаны құрайтын қайта өңдеу өндірістері іскеқосылды.

Қаржыландырудың ең үлкен көлемі Алматы қаласы, СолтүстікҚазақстан, Павлодар, Ақтөбе және Қостанай облыстарындағыжобаларға бағытталды. Сонымен қатар Атырау, Ақмола, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында, Абай облысында, Астана жәнеШымкент қалаларында, сондай-ақ еліміздің өзге де өңірлеріндежобалар іске асырылуда.

Жобалар қалдықтарды қайта өңдеу саласының негізгібағыттарын қамтиды. Олардың қатарында макулатураны, ПЭТ-бөтелкелерді, пайдаланылған автомобиль шиналарын, тағамқалдықтарын және өзге де қалдық түрлерін қайта өңдеу, қолданыстағыкәсіпорындарды жаңғырту, сондай-ақ арнайы техника паркін жаңартубар.

Қазіргі уақытта жаңа жобаларды іске асыру жұмыстарыжалғасуда. Жаңа бастамалар қарау мен келісу рәсімдерінен өтіп, қаржыландыруға дайындалуда.

Еске салайық, кәдеге жарату төлемдері есебінен жиналғанқаражатты пайдалану ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес жүзегеасырылады. Мұндай жобаларды іске асыру қалдықтарды басқарудыңзаманауи инфрақұрылымын дамытуға, қайта өңдеу көлемін ұлғайтуға, қалдықтарды көму көлемін азайтуға және қайталама шикізаттыэкономикалық айналымға тартуға ықпал етеді.