Қосшы қаласы прокуратурасымен құқық бұзушылықтардың алдын алу және оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде

Бүгін, 18:31 / taulik

2026 жылғы 20 тамызда Косшы қаласында қаладағы жалпы білім беретін мектептердің педагогтерінің қатысуымен тамыз конференциясы өтті, деп хабарлайды Taulik.kz.

Іс-шара барысында қала прокуратурасының өкілі жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Сонымен қатар, оқушылар арасында адалдық, заңға құрмет, жауапкершілік және заңға бағынушылық қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған «Саналы ұрпақ» жобасын іске асыру бойынша жұмысты күшейту қажеттігі атап өтілді.

Жоба аясындағы жұмыстар педагогтер, ата-аналар және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы арқылы жалғасын табады.

Аталған бағыттағы жұмыстар «Заң мен тәртіп» нарративі аясында заңдылықты нығайтуға және жауапты ұрпақ  қалыптастыруға бағытталатын болады.

                                                                                                                               Ақмола облысының прокуратурасы

Тэгтер:

#Ақмола облысының прокуратурасы