Орталық сайлау комиссиясының бүгінгі отырысында азаматтармен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және сайлау заңнамасынбұзғаны үшін жауапкершілік мәселелері бойынша комиссия мүшесіӘсел Жанәбілова ақпарат берді, деп хабарлайды Taulik.kz.
Оның айтуынша, өтініштермен жұмыс ҚазақстанРеспубликасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының Әкімшілікрәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Құрылтайының депутаттарын сайлау тағайындалған сәттенбастап Орталық сайлау комиссиясына 203 өтініш келіп түскен, оныңішінде 129 өтініш - сайлау заңнамасын түсіндіруге, 62 өтініш - сайлаупроцесін ұйымдастыру мәселелеріне байланысты.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі әрбір өтініштің уақытылы қаралуы және оған жан-жақты жауап берілуі қамтамасыз етілетінінатап өтті. ОСК-ға аумақтық сайлау комиссияларының шешімдері мен әрекеттеріне қатысты шағымдар түспеген.
«Әрбір өтініш белгіленген тәртіппен қаралып, азаматтарғазаңнама талаптарын ескере отырып, нақты түсіндірмелерберіледі. Бұл ретте сайлау заңнамасын бұзғаны үшінжауапкершілік көзделгенін түсіну маңызды. Біздің ортақміндетіміз - сайлау науқанының барлық кезеңдеріндезаңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету және азаматтардыңсайлау құқықтарын қорғау», - деп атап өтті Әсел Жанәбілова.
Атап айтқанда, ОСК мүшесі сайлау комиссияларының жұмысынаараласқаны, дауыс беру құпиясын бұзғаны, азаматтардың еркін ерік білдіруіне кедергі келтіргені, сондай-ақ басқа адамдар үшін дауыс беру мақсатында азаматтарға сайлау бюллетеньдерін бергені үшінжауапкершілік көзделгенін еске салды. Сонымен қатар сайлаукомиссиялары мүшелерінің, саяси партиялардың сенім білдірілгенөкілдерінің, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен байқаушылардың заңды қызметіне кедергі келтіргені үшін де жауапкершілік қарастырылған.