Жамбыл облысының Қордай ауданында қоқыс арасынан жаңа туған нәресте табылды. Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады.
Құқық қорғау органдары нәрестені қауіпті жағдайда қалдыру фактісін тіркеп, баланың анасымен анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу әрекеттері қолға алынған.
Табылған сәби медициналық мекемеге жеткізілді. Дәрігерлер айтуынша, баланың жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.