2027 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) мектеп бітірушілерінен бөлек, бұрын мектеп бітірген азаматтар да тапсыра алады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты dalanews.kz-ке сілтеме жасап
ҰТО мәліметінше, ҰБТ-2027 тестілеуіне тіркеле алатындар қатарында 2027 жылғы мектеп түлектерімен бірге, өткен жылдары мектеп бітірген азаматтар да бар. Сондай-ақ тестілеуге колледж түлектері мен шетелде білім алған Қазақстан азаматтары қатыса алады. Бұдан бөлек, қазақ ұлтынан шыққан шетел азаматтарына, яғни қандастарға да ҰБТ тапсыруға мүмкіндік беріледі.
Тестілеуге қатысуға құқығы бар тағы бір топ – шығармашылық мамандықтарда оқитын студенттер. Олар басқа білім беру бағыттарына ақылы негізде ауысуды жоспарласа, ҰБТ тапсыра алады. Мұндай мүмкіндік «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша ақылы оқуға ауысқысы келетін студенттерге де қарастырылған.
Осылайша, ҰБТ-2027 тек мектеп түлектеріне ғана емес, білім беру бағытын өзгертуді немесе жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігін қарастырып жүрген азаматтардың бірнеше санатына қолжетімді болады.