Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы Қазақстан Республикасы кубогінің финалында Қызылорданың «Қайсар» командасын 4:1 есебімен жеңіп, ел кубогінің иегері атанды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Egemen.kz-ке сілтеме жасап
Осылайша, шымкенттік ұжым 2026 жылғы маусымды қос бірдей тарихи жетістікпен аяқтады. Бұған дейін Қазақстан Премьер-лигасында чемпион атанған «Ордабасы» енді ел кубогін де жеңіп, алтын дубль жасады.
Финалдық кездесуде голдарды Сұлтан Астанов (7’), Йонсен (41’), Абагна (60’) және Еркебұлан Астанов (71’) соқты. Ал «Қайсар» сапынан Агостиньо 85-минутта бір голдың авторы атанды.
Қазақстан футболында алтын дубльге соңғы рет 2016 жылы «Астана» қол жеткізген. Осылайша, «Ордабасы» араға он жыл салып, бұл жетістікті қайталады.
Естеріңізге сала кетейік, Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасының аяқталуына бір тур қалғанда чемпиондық атақты мерзімінен бұрын жеңіп алды.