Дәрігерлер 10 баланың анасы мен жаңа туған қызын аман алып қалды

Бүгін, 18:34 / Аянат Балғабайқызы
Фото: freepik

Алматы тұрғыны 40 жасында 11-рет ана атанды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Arasha.kz-ке сілтеме жасап

Қызының дүниеге келуіне әлі бір жарым айға жуық уақыт бар еді. 

Алайда келіншек үй ауласындағы баспалдақтан абайсызда құлап қалып, ауырсынуды сезінген.

Дәрігерлер бала жолдасының мерзімінен бұрын ажырағанын және геморрагиялық шок болғанын анықтады.

Жүктіліктің 34-аптасында кесарь тілігі жасалып, салмағы 1835 грамм қыз дүниеге келді.

Әйелдің бұған дейін 10 баласы болған. Үлкені – 20 жаста, кішісі бір жастан енді асқан.

Тэгтер:

дәрігер бала ана