«Жасыл даму» АҚ COP31 конференциясында халықаралық сараптамалық орталықтармен ынтымақтастықты кеңейтуде

Бүгін, 12:32 / taulik
Фото: Жасыл даму

Антальяда өтіп жатқан COP31 климаттық конференциясы аясында Қазақстанның ұлттық павильонында «Жасыл даму» АҚ Табиғи апаттарға дайындық жөніндегі Азия орталығымен (ADPC) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Сондай-ақ Стокгольм қоршаған орта институтының АҚШ-тағы орталығымен (SEI US) бұған дейін қол қойылған меморандумды алмасу рәсімі өтті. Екі іс-шара да «Қазақстанның көміртегі нарығы: ұлттық тетіктерден халықаралық ынтымақтастыққа» атты панельдік сессия барысында өтті.

Фото: Жасыл даму

ADPC-мен жасалған меморандумға «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасы Ержан Сәрсенбай мен ұйымның атқарушы директоры Аслам Первайз (Aslam Perwaiz) қол қойды.

Әріптестік парниктік газдарды түгендеуді жетілдіруді және геоақпараттық технологияларды қолдана отырып, жер пайдалану секторындағы мониторинг, есептілік және верификация жүйелерін дамытуды көздейді. Климаттың өзгеруіне бейімделу, сондай-ақ оның салдарынан болатын шығындар мен залалды бағалау мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Фото: Жасыл даму

SEI US орталығымен қол қойылған меморандумды алмасу рәсіміне Ержан Сәрсенбай мен Стокгольм қоршаған орта институтының АҚШ-тағы орталығының аға ғылыми қызметкері Микель Муньос Кабре (Miquel Muñoz Cabré) қатысты.

Қол жеткізілген уағдаластықтар климаттық және экологиялық саясат саласындағы бірлескен жұмысты дамытуға, сараптамалық әлеуетті нығайтуға, талдамалық зерттеулер жүргізуге және климатқа қатысты шешімдер әзірлеуде модельдеу әдістерін қолдануға бағытталған.

Фото: Жасыл даму

ADPC және SEI US орталықтарымен ынтымақтастық «Жасыл даму» АҚ-ның халықаралық сарапшылармен байланысын кеңейтуге және Қазақстанның климаттық бастамаларын іске асыруда озық тәжірибені пайдалануға мүмкіндік береді.

Фото: Жасыл даму

Тэгтер:

Жасыл даму