Қазақстанда 16 жасқа толмағандарға әлеуметтік желілерде тіркелуді шектеу бастамасы талқылануда, деп хабарлайды Taulik.kz.
Бастама бойынша 16 жасқа дейінгі пайдаланушылар әлеуметтік желіге тіркеле алмайды.
Тыйым лезде хабар алмасу сервистеріне, яғни мессенджерлерге таралмайды.
Заң жобасында онлайн-платформалардың жауапкершілігін күшейту көзделген. Платформалар зиянды (деструктивті) контент таратқаны үшін жауап береді.
Сонымен қатар жобада балалардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар бар.