Жаңалықтар

Алматыда тағы бір сарбаз қайтыс болды

Алматыда тағы бір сарбаз қайтыс болды

Алматыдағы 3650 әскери бөлімінде сарбаз оқ тиіп, қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» Өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Ақпарат бойынша, 22 тамызда сағат 15.15-тер шамасында қызметтік міндетін орындау кезінде келісім шарт бойынша қызмет етіп жүрген әскери қызметші Сабыров Абылай Берікұлы, (2001 жылы туылған) 3650 әскери бөлімінде Алматы қаласында өзіне бекітілген тапаншамен өзін-өзі атып, алған жарақатының нәтижесінде қайтыс болды. Құқық қорғау органдары қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Болған оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін қызметтік тергеу тағайындалды.