Министр 35 мыңды қалай жеткізді: Жұлдыз мектеп формасын 358 мың теңгеге алғанына шағымданды
Министр 35 мыңды қалай жеткізді: Жұлдыз мектеп формасын 358 мың теңгеге алғанына шағымданды
Актриса, тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова өз инстаграм парақшасында мектеп формасының бағасы ұшынып тұрғанын мәлімдеді. Балаларының жарты киіміне ғана 358 мың теңге кеткенін айтты.
Адам көп, таңдау жоқ деуге болады. Министрдің мектеп формасын алуға 35 мың теңгені қалай жеткізгені туралы кім біледі? - дейді Жұлдыз.Халық нұсқаулап көрсеткен арзан дүкенге барғанын айтып, оның өзіне 16.000 теңге кеткенін айтты.
Министрді қаралау мақсатым емес. Ол кісінің жұмысына, білім саласына әкелген тың өзгерістеріне ризамын. Байқасаңыздар, билік өкілдерінің ешқайсысына жақын емеспін. Бірақ осы министрдің жүзі жылы, оқыған, көрген, білімді адам деп қабылдаймын. Ал мектеп формаларының арзан емес екені шындық. Өз басым туғаныма жақпаса да, шындықты айтқанды ұнатамын. Сондықтан қазіргі халықтың шындығы – мектеп формасының қолжетімсіздігі. «Президент келе жатыр», «министр келе жатыр» деп, ең жақсы дүниесін шығарып, арзандатып қоятындар бар. Сөйтіп, «Керемет Қазақстанды» көрсетіп қояды. Ал қарапайым халық келсе, «Реально Қазақстанға» түседі, - дейді Әбдікәрімова.
Taulik.kz