Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Украина елшілігіне наразылығын білдірді

23 тамыз, 2022 / taulik
ашық дереккөзі
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Украина елшілігіне наразылығын білдірді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде министрдің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевскиймен кездесті, - деп хабарлайды Taulik.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Кездесу барысында елшіге 21 тамызда қазақстандық блогер Диас Құзайырға берген сұхбатында айтқан мәлімдемелеріне байланысты наразылық білдірілді", - делінген хабарламада.
СІМ мәліметінше, Қазақстан тарапы мұндай мәлімдемелердің шет мемлекет елшісінің қызметіне сай келмейтіні және қолайсыздығы туралы ұстанымы білдірілген.
"Мұндай іс-қимылдар мемлекеттер арасындағы достық қатынастарға нұқсан келтірмеуге тиіс", - делінген СІМ хабарламасында.

Taulik.kz