Қазақстанда тұрсақ та баға рубльмен есептеледі
Қазақстанда тұрсақ та баға рубльмен есептеледі
Елорда тұрғыны аяқ киімнің құны рубльмен көрсетілген баға белгілеріне қатты таңғалып, ашуланды, деп хабарлайды Taulik.kz.
Бейнежазба әлеуметтік желілерде лезде тарап кетті. Ер адам «Аружан» сауда орталығындағы «Кари» дүкенінде рубльмен тұрған баға белгілерін байқаған.
«Біздің елде барлық жеке және заңды тұлғалар үшін бағаны шетел валютасында белгілеуге тыйым салынады! Бірақ қазір Кари дүкенінде баға рубльмен көрсетіліп тұр. Қазақстан Республикасында ұлттық валюта теңге болып табылады, баға тек теңгемен белгіленеді», - деп атап өтті басылым авторы.