Жаңалықтар

TECHNODOM мен SULPAK сауда үйлері жазаға тартылды

TECHNODOM мен SULPAK сауда үйлері жазаға тартылды

TECHNODOM мен SULPAK сауда үйлері тауарларды тиісінше таңбаламағаны үшін жазаланды, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары, жеке тұлғаның шағымы бойынша өткен аптада «Arena S» ЖШС (Sulpak) және «Techodom Operator» АҚ сияқты бақылау субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңы нормаларының сақталуына, атап айтқанда, өнімді таңбалауда және Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы өнім айналымының бірыңғай белгісіне (ЕАС Еуразиялық сәйкестік) жоспардан тыс тексеру жүргізілді. 1. «Techodom Operator» АҚ (Технодом оператор): Мысалы, егер Mix RETRO Genesis ойын приставкаларында zmg-007 электр ет тартқышында мемлекеттік тілде пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар болмаса; USB бар FM модуляторы зарядтау құрылғыларында қаптамада өнім айналымының бірыңғай белгісі болмаса, ал АКСИОН ет тартқыш приставкасында бірыңғай белгіден басқа пайдалану туралы нұсқаулар мүлдем болған жоқ. Балмұздақ жасайтын Ice cream makеr BOSCH мемлекеттік және ресми тілдерде ақпарат және ЕАС бірыңғай белгісі болған жоқ, сонымен қоса мемлекеттік тілде де нұсқаулық жоқ. 2. «Arena S» ЖШС (Sulpak сауда үйі) бойынша: BAS 5310 телевизиялық бөлме антеннасында пайдалану жөніндегі нұсқаулықта мемлекеттік және ресми тілдерде ақпарат болмаған. Multimedia Speakers B16 дыбыс күшейткіші қаптамасында өнім айналымының бірыңғай белгісі болған жоқ, сондай-ақ пайдалану жөніндегі нұсқаулықта мемлекеттік және ресми тілдерде ақпарат болған жоқ. Haier НК 600 шәйнегінде, MiVue C520 бейнетіркегішінде және GENESIS ойын приставкасында пайдалану жөніндегі нұсқаулықта мемлекеттік тілде ақпарат болған жоқ. Әрине, жоғарыда аталған нормалардың болмауы, КО ТР 004/2011 және КО ТР 020/2011 техникалық регламенттердің талаптарын бұзуды білдіреді және қарапайым тұтынушы үшін қолайсыздық тудыратыны сөзсіз. Бас кеңселері, оның ішінде жоғарыда көрсетілген бақылау субьектілерінің басшылығы да Алматыда болғандықтан, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Кодексіне сәйкес тиісті шаралар қабылдау үшін жоспардан тыс тексерудің барлық материалдары ТРМК Алматы қаласы бойынша департаментіне берілді.

Taulik.kz