Жаңалықтар

Қырым түбегін Украинаға қайтару керек - ЕРДОҒАН

Қырым түбегін Украинаға қайтару керек - ЕРДОҒАН

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Киевте өтіп жатқан «Қырым платформасы» онлайн-саммитінің қатысушыларына арнаған видео үндеуінде Қырым түбегін Украинаға қайтару керектігін айтты, деп хабарлайды Taulik.kz. 

«Халықаралық құқық Қырымның ажырамас бөлігі болып табылатын Украинаға қайтарылуын талап етеді», - деді Түркия басшысы.

Оның айтуынша, бұл Украинаның аумақтық тұтастығын сақтау үшін аймақтық және жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылық үшін өте маңызды.