Саясат Нұрбек университеттерге тексеріс жүргізу керек - ТОҒЖАНОВ
Саясат Нұрбек университеттерге тексеріс жүргізу керек - ТОҒЖАНОВ
Елордада «Адами капитал - жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы» ғылым және жоғары білім форумының пленарлық отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Taulik.kz BAQ.KZ сілтеме жасап.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қазіргі жаңа технологиялы заманда жоғары білімді білікті мамандарсыз экономикаға құйылған инвестиция қажетті нәтиже бермейтінін айтты.
Сондықтан Мемлекет басшысы экономикадағы қажетті бағыттарды нақтылауға,осы бағыттағы кадр дайындау туралы тапсырма берілгені белгілі. Осы бағытта бірқатар нақты істерді жүзеге асыру жоспарда бар. Биыл 88 мың білім гранты бөлінді,- деді Тоғжанов.Оның айтуынша, мемлекеттік тапсырыстың 60 пайызы техникалық бағытқа бейімделді.
Білім және жоғары министрлігі өзге органдармен студенттерді жатақханамен қамту бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Заңдағы студенттердің 70 пайызын жатақханамен қамтамасыз ету талабын орындауымыз керек. Министрлікке осы бағыт бойынша университеттерге тексеру жүргізу керек. Нәтижесін нақты баяндауын сұраймын,- деді Ералы Тоғжанов.
Taulik.kz