Жаңалықтар

Мұғалімдер мен дәрігерлерге ипотека бағдарламасы енгізіледі

Мұғалімдер мен дәрігерлерге ипотека бағдарламасы енгізіледі

"Алматы жастары" ипотекалық бағдарламасына жас мұғалімдер мен дәрігерлер үшін арнайы квота енгізіледі. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.
"Алматы жастары" аясында жыл сайын 1 000 ипотека рәсімделеді.
"Бұл бағдарламаға сұраныс жоғары. Мен әріптестеріммен тағы бір мәселені талқылап шықтым. Келесі жылдан бастап жас мұғалімдер мен дәрігерлер үшін арнайы квота енгіземіз. Қазіргі 1 000-ға тағы 100 қосылады. Сонда 50 жас мұғалім, 50 жас дәрігер баспаналы болады", – деді Досаев педагогтардың Тамыз конференциясында.
Taulik.kz