Жаңалықтар

Арыстанбек Мұхамедиұлының туыстары да тергеліп жатыр - АНТИКОР

Арыстанбек Мұхамедиұлының туыстары да тергеліп жатыр - АНТИКОР

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Ұлттық музейінің директоры А.Мұхамедиұлы мен басқа да тұлғаларға қатысты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілері бойынша тергеуді жалғастыруда. 
«Тергеу «Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі» халықаралық көрмесін өткізуге, сондай-ақ «Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру» жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша жүргізілуде. Бұдан басқа, А.Мұхамедиұлының мәдениет және спорт министрі лауазымында болған кезінде туыстарының және үлестес тұлғаларының меншігіне «Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» РМҚК, «Қазақ энциклопедиясы» АҚ және «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» ЖШС заңсыз беруге қатыстылығы тексеріліп жатыр. Тергеліп жатқан қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала сомасы шамамен 7 млрд теңгені құрайды. А.Мұхамедиұлының қамауда ұстау мерзімі 4 айға дейін, яғни ағымдағы жылдың 26 қыркүйегіне дейін ұзартылды.Тергеу жалғасуда», - делінген агенттік хабарламасында.

Taulik.kz