Жетісай қаласындағы орталық базар өртеніп кетті
Жетісай қаласындағы орталық базар өртеніп кетті
Түркістан облысы Жетісай қаласыдағы орталық базар өртеніп кетті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Сағат 03:00-де Жетісай қаласындағы «Күлпаршын» базарының аумағында ауданы 500 шаршы метр болатын жеке тұрған бір қабатты ғимаратта және ауданы 400 шаршы метр қалқаның астында орналасқан аумақтан өрт шыққан (Базардың жалпы ауданы – 2500 шаршы метр). Өрт таңғы сағат 05:20-да ауыздықталып, 07:35-те сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Желдің салдарынан өртті сөндіру қиын болды. Жалынды сөндіруге 47 өрт сөндіруші мен 16 техника жұмылдырылды», – делінген Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы бойынша оқиға себептерін анықтау және өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі комиссия құрылды.
Taulik.kz