Эксклюзив: Жетісайда өртенген базардан көрініс (ФОТО)
Эксклюзив: Жетісайда өртенген базардан көрініс (ФОТО)
Түркістан облысы Жетісай қаласыдағы орталық базар өртеніп кетті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлаған болатын. Taulik.kz тілшісі Жетісай тұрғынымен хабарласып, мән-жайды анықтады.
Әкімдіктің баспасөз хатшысы өртті сөндіру қиын болғанын, алайда зардап шеккендер жоқ екенін айтты.
«Сағат 03:00-де Жетісай қаласындағы «Күлпаршын» базарының аумағында ауданы 500 шаршы метр болатын жеке тұрған бір қабатты ғимаратта және ауданы 400 шаршы метр қалқаның астында орналасқан аумақтан өрт шыққан (Базардың жалпы ауданы – 2500 шаршы метр). Өрт таңғы сағат 05:20-да ауыздықталып, 07:35-те сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Желдің салдарынан өртті сөндіру қиын болды. Жалынды сөндіруге 47 өрт сөндіруші мен 16 техника жұмылдырылды», – делінген Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.Жетісай тұрғыны Ержан есімді азаматтың бізге жолдаған хабарласамында:
Қазір базар науқаны болғандықтан, қыркүйек айына сатушылар қатты дайындалған. Барлығы несие, қарыз алып, дүкенге зат толтырған.Бір-ақ адамның өзінде 70-80 млн несие бар-мыс. Енді сол тауардың барлығы күл-талқан болды. Өте үлкен базар болғандықтан, шығын миллиардтармен есептелмек...,- деді Жетісай тұрғыны. Фотоларда көргендеріңіздей, базардың сау жері қалмаған. Қаншама адамның көз жасы, ерен еңбегі бір түнде күлге айналды. https://youtube.com/shorts/_IxXtuimzkw?feature=share
Taulik.kz