Жаңалықтар

Алтынбек Сәрсенбайұлының атына көше берілуі мүмкін

Алтынбек Сәрсенбайұлының атына көше берілуі мүмкін

Өнер зерттеушісі Сағатбек Медеубекұлы Facebook желісіндегі парақшасында Алтынбек Сәрсенбайұлының атына көше берілетіні туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
«Қадірлі достар! Сіздерді қуантайын. Бүгін 1414 арқылы хат келді. Алматы қаласының әкімдігінің өткенде Өздеріңізге айтқан Хатқа жауабы бар. Жауапта «болмайды» деген сөз жоқ. Соған қарағанда Алтынбек арыстың да атында құдай қаласа, көше болады. Дәл сондай хат-жауап Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінен де келді. Тағы бір ауызша айтылған жақсы хабар - Алтынбек Сәрсенбайұлының есімі өзі оқыған мектепке берілетін болыпты!» - деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтар Алтынбек Сәрсенбайұлының атын өзі оқыған мектепке, туған жеріндегі көшелерге беру туралы ұсыныс жіберген болатын. Оған қосымша Асанәлі Әшімов бастаған жүзден астам қоғам қайраткерлері қол қойған хатта да журналиытің есімін өзі оқыған мектепке және Алматыда, Елордада, Қонаевта  көшелерге беру, сонымен қатар 60 жылдығын ел болып атап өту жөнінде ұсыныстар айтылып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа жөнелтілді.  width=