Лаостағы қазақ қызы бостандыққа шықты
Лаостағы қазақ қызы бостандыққа шықты
Қазақстандық актриса Анель Бермағанбетова бостандықта, деп хабарлайды taulik.kz turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін қазақстандық актриса Анель Бермағанбетова өзін жұмыс берушілер алдап әкеліп, Лаос елінде күштеп ұстап отырғанын айтып, әлеуметтік желіде жазба жариялаған болатын.
Анелдің бостандыққа шыққаны туралы ағасы Қанат Бермағанбетов мәлімдеді. Аталған мәселені ҚР Сыртқы істер министрілігі де растап отыр.
Дәл қазір Анелге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Отбасы қыздарының аман-есен оралғанын күтіп отыр.