Еуропа Ресей азаматтары үшін қандай шектеулер енгізді?
Еуропа Ресей азаматтары үшін қандай шектеулер енгізді?
Ресейдің Украинаға басып кірген әрекетінен кейін Еуропаның бірнеше елі ресейліктерге виза беруді тоқтатқан болатын. Дегенмен ЕО елдерінің кейбірі бұл бастаманы қолдағанымен, әлі толық тыйым салған жоқ.
Аталған елдердің ішінде Ресей азаматтарына виза берудің тоқтатқандар – Польша мен Швеция. Германия, Португалия, Грекия және Кипр аталған тыйымға қарсы шықты. Алайда Кипр қарсы шыға отырып, pro-визаларын беруді тоқтатты. Грекия болса, инвестиция жасаған азаматтарға тұрақты резиденция бермейтін болып шешті. Бұдан бөлек Мальта да инвестиция арқылы берілетін визаны Ресей азаматтары үшін алып тастады.
Ресей азаматтарына шенген визасын бірауыздан беру не бермеу туралы мәселе ЕО-ның Сыртық істер министрімен Прагада өтетін кездесуде талқыланады. Кездесу 31 тамызда өтеді деген дерек бар.
Бұған дейін Еурокомиссия барлық ресейліктер үшін виза беруді тоқтату мәселесіне қарсы шығып, мұны ЕО нормаларына сай емес деп тапқан. БҰҰ болса, Эстонияны сынның астына алып, Ресей азаматтарына толығымен келіп-кетуді шектеу – дискриминация деп атады.