Жаңалықтар

Оңтүстік Корея Мысырда АЭС салу үшін Ресейге технология жібермек: келісім санкцияны бұзбай ма?

Оңтүстік Корея Мысырда АЭС салу үшін Ресейге технология жібермек: келісім санкцияны бұзбай ма?

Оңтүстік Корея Ресеймен Мысырда АЭС салу үшін технология жеткізу туралы келісімге қол қойды. Сеул берілген технологиялар Ресейге қарсы халықаралық санкцияларды бұзбайтынын айтты, деп хабарлайды Taulik.kz сайты «Голос Америки» басылымына сілтеме жасап. Ресми тұлғалардың айтуынша, Оңтүстік Корея Мысырдағы алғашқы атом электр станциясына арналған турбиналар үшін, компоненттер мен ғимараттар салу үшін атом энергетикасы саласында жұмыс істейтін ресейлік мемлекеттік компаниямен құны 2,25 миллиард доллар болатын келісімшартқа қол қойған. Оңтүстік Корея бұл келісімді өзінің атом энергетикасы саласындағы жеңісі ретінде қабылдайды. Десе де аталмыш келісім Украинадағы соғысқа байланысты Ресейге экономикалық қысым жасау әрекеттері аясында жағымсыз әсер қалдырды. Оңтүстік Корея өкілдері АҚШ-пен келісім бойынша алдын-ала консультациялар жүргізілгенін және Сеулдің жоба аясында беретін технологиялары Ресейге қарсы халықаралық санкцияларды бұзбайтынын хабарлады.