Көкшетауда банк менеджері клиенттің ақшасына аяқ киім сатып алған (видео)
Көкшетауда банк менеджері клиенттің ақшасына аяқ киім сатып алған (видео)
Көкшетауда банк менеджері клиенттің ақшасына кроссовка сатып алған, деп хабарлайды Taulik.kz сайты tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Көкшетау полициясына 19 жастағы жергілікті тұрғын арыз беріп, оның банк картасынан ақша жоғалып кеткенін хабарлады. Қыз ешқандай банк операцияларын жүргізбегенін айтып отыр.
Ал жедел уәкілдер жергілікті банктердің бірінің менеджері бұл ұрлыққа қатысуы мүмкін екенін анықтады. Оған өтініш беруші ақша жоғалғанға дейін бір күн бұрын жүгінген. Бір күн бұрын қыз жоғалған картасын қайта шығару үшін банк бөлімшесіне келеді.
«Менеджер бірқатар арнайы операцияларды жүзеге асырып, банктің ақпараттық жүйесін заңсыз пайдаланып, клиенттің картасын өзінің мобильді қосымшасына қосқан. Содан кейін ештеңе болмағандай оған жаңа карта береді», - деді Polisia.kz Telegram арнасы.Жұмыстан шыққаннан кейін банк менеджері дүкенге барып, өзіне 49 мың теңгеге жаңа кроссовка сатып алады. Полицейлер «Ұрлық» қылмыстық бабы бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.