10 жыл бұрын өздері құдықтан құтқарған баламен құтқарушылар қайта кездесті
10 жыл бұрын өздері құдықтан құтқарған баламен құтқарушылар қайта кездесті
Осыдан 10 жыл бұрын құдыққа түсіп кеткен 1 жастан асқан баламен құтқарушылар қайта жүздесті, деп хабарлайды Taulik.kz.
Pavlodarnews-тің мәліметінше, облыстық ТЖД-нің құтқарушылары балаға мектепке керек заттар мен спорт сөмкесін табыстады.
«Мектепке жол» акциясы аясында Павлодар облысы Железин ауданы ТЖБ бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау капитаны Бахтияр Ілиясов пен азаматтық қорғау старшинасы Ержан Успанов Башмачное ауылында тұратын кішкентай Володямен кездесті.
Башмачное ауылының кішкентай тұрғыны Володяның өмірінде 13 санының маңызы ерекше. Себебі, ол 13 қазанда дүниеге келген. Екінші туған күні (құдықта түсіп кетіп, тірі қалған – ред.) 13 тамызда бір ажалдан аман қалған.
«Осыдан 10 жыл бұрын, 1 жас 10 ай болған кішкентай бала құдыққа түсіп кеткен.Диаметрі 22 сантиметр болатын мырышталған құбырға қыстырылып қалған. Құтқарушылар 6 метр тереңдіктегі тар құбырда тұрып қалған баланы аман алып қалу үшін бір сағат ішінде құдықтың жанынан үлкен ор қазады. Осыдан кейін құтқарушылар бір метрге тереңдеп, бала одан да төмен түспеуі үшін құбырға арматураны салады. Содан кейін олар люкті кесіп баланы құтқарған еді», – дейді департамент өкілі.Мырышталған металды кескен кезде улы түтін бөлінген. Соған қарамастан, 4 сағат ішінде баланы құтқарды. Сержант Ержан Успанов баланы аман алып шықты. Осылайша, Володя аман қалған. Қазір ол спортпен шұғылданады. Сол баяғы құдық өз орнында тұр. Ештеңе өзгерген жоқ. Тек қазір ол жастықпен емес, пластикалық қақпақпен жабылған.
Taulik.kz