Эксклюзив: Түрік ғалымы қатерлі ісікті емдеу тәсілін ұсынды
Эксклюзив: Түрік ғалымы қатерлі ісікті емдеу тәсілін ұсынды
Химия саласы бойынша Нобел сыйлығының иегері, әлемге әйгілі түрік ғалымы Әзіз Санжар мидың қатерлі ісігін емдеудің тың тәсілін ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы мәлімдеді.
Daily Sabah ақпарат көзі түрік ғалымы мен оның әріптестері табиғи ДНҚ құрамдастарының бірі, тимидиннің аналогы 5-этил-2'-дезоксиуридиннің (EdU) молекулаларын зерттегенін жазды.
EdU молекулаларын молекулярлық биологтар жүйке жүйесінің бөлінетін жасушаларында ДНҚ синтезін зерттеу үшін тәжірибелерде қолданады және жасушалар үшін, соның ішінде қатерлі ісік жасушалары үшін улы зат болып табылады.
«EdU молекуласының жеңіл уытты әсері бары бұрыннан белгілі, алайда, оның әсер ету тетігі жұмбақ болды. Бұл жолы оның жасушаны қалай өлтіретінін анықтадық. Бұрын EdU обыр жасушаларын жоятыны туралы дәлелдер болғанына қарамастан бұл зерттеу нәтижелерді ешкімнің ұстанбағаны таңқаларлық», - деп мәлімдеді Әзіз Санжар.Бұл бағыттағы зерттеу материалдары АҚШ-та жарық көретін пәнаралық Proceedings of the National Academy of Sciences (PNAS) мерзімді басылымының келесі санында жарияланады.
Taulik.kz