Жаңалықтар

Құстар Алматы-Нұр-Сұлтан ұшағының екі қозғалтқышына да соғылған

Құстар Алматы-Нұр-Сұлтан ұшағының екі қозғалтқышына да соғылған

Құстар Алматы-Нұр-Сұлтан ұшағының екі қозғалтқышына да соғылған, деп хабарлайды Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі.

«Экипаж мәліметінше, қонуға жақындаған кезінде құстар екі қозғалтқышқа да соғылып кеткен. 28 тамыздан 29 тамызға қараған түні Airbus A320 ұшағы KS955 Алматы-Нұр-Сұлтан рейсін орындады», - делінген дүйсенбідегі хабарламада.

Әуе компаниясының хабарлауынша, қону қалыпты режимде өткен.

«Рейстен кейінгі тексеріс кезінде құстардың қозғалтқыштарға кіріп кеткені анықталды», - делінген хабарламада.