Мүсінші Тілеуберді Бинашев қайтыс болды
Мүсінші Тілеуберді Бинашев қайтыс болды
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мүсінші Тілеуберді Бинашев қайтыс болды. Қаралы хабарды қоғам белсендісі Ғабиден Жәкей жеткізді.
«Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, мүсінші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі , қайталанбас талант иесі, Церетели атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері Тілеуберді Бинаш мәңгілік мекеніне жол тартыпты. Ол — 18 жасында күш атасы Қажымұқанның мүсінін жасап, Одақ көлемінде танылып , жарқ етіп, жұлдыз атанған мүсінші. Өмірінің соңғы жылдары Дінмұхахамед Қонаев, Шәмші Қалдаяқов, Өзбекәлі Жәнібеков, тағы да басқа қазақ батырларының тұлғасын сомдаған ерекше өнер иесі.... Асықты, бірақ артынан мәңгі өшпес мұра тастап кетті!»—деді ол.
Taulik.kz