Жаңалықтар

Қазақ жері атом сынағынан орасан зор зардап шекті - ТОҚАЕВ

Қазақ жері атом сынағынан орасан зор зардап шекті - ТОҚАЕВ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ядролық қауіпсіздік қағидаттарын әрдайым берік ұстанатынын мәлімдеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Taulik.kz
«Бүгін – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл күннің бүкіл адамзат үшін мән-маңызы айрықша. Қасиетті қазақ жері атом сынағынан орасан зор зардап шекті. Мұндай қасірет ешқашан қайталанбауы керек. Қазақстан ядролық қауіпсіздік қағидаттарын әрдайым берік ұстанады»,- делінген жазбада.

Taulik.kz