Жаңалықтар

АҚШ әскери кемелерінің Тайвань бұғазы арқылы өтуі «жалғыз Қытай» саясатына қайшы келмейді

АҚШ әскери кемелерінің Тайвань бұғазы арқылы өтуі «жалғыз Қытай» саясатына қайшы келмейді

АҚШ-тың екі әскери кемесінің Тайвань бұғазы арқылы өтуі АҚШ-тың «бір Қытай саясатына» толық сәйкес келеді. Бұл туралы Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық коммуникациялар жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирби мәлім етті, деп хабарлайды Taulik.kz сайты «Голос Америки» басылымына сілтеме жасап. Сонымен қатар ол CNN эфирінде бұл мәселенің бұрыннан жоспарланғанын айтып өтті.
«Екі кеменің өтуі біздің «Бір Қытай саясатына» толық сәйкес болып тұр. Біз Үнді-Тынық мұхиты аймағында еркін және ашық бағытта жұмыс істей алатынымызға көз жеткізгіміз келеді», – деді Кирби.
Айта кетейік, АҚШ-тың екі әскери кемесінің Тайвань бұғазы арқылы өтуі Тайваньға Палата Спикері Нэнси Пелосидің сапарынан кейінгі алғашқы операция еді.

Taulik.kz