Жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Taulik.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылсын", - делінген хабарламада.
Дархан Сатыбалды Парламент Сенатының депутаты болған. 2010-2011 жылдары ҚР ҰҚК департаментінің бастығы болды. 2011-2013 жылдары - премьер-министр кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2013 жылдан бастап екі жыл Шымкент қаласының әкімі, сонымен қатар 2015-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болған.

Taulik.kz