Лаоста еңбек құлдығына түскен қазақ қызы елге оралды
Лаоста еңбек құлдығына түскен қазақ қызы елге оралды
Лаоста еңбек құлдығына түскен Қазақстан азаматы Анель Бермағанбетова Қазақстанға оралды. Бұл туралы қыз әлеуметтік желіде хабарлады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты NewTimes.kz-ке сілтеме жасап.
«Мен үйдемін, Менің Қазақстаным», — деп жазды Анель.Қазақстандықтар қыздың елге оралғаны туралы жаңалықтарға қуанды. Естеріңізге сала кетейік, 21 тамызда қазақстандық Анель Бермағанбетова өзін қытайлық компания алдағанын және Лаос мемлекетінде еңбек құлдығында екенін мәлімдеген еді.
Taulik.kz