Трамп шұғыл түрде АҚШ-та жаңа президент сайлауын өткізуге шақырды
Трамп шұғыл түрде АҚШ-та жаңа президент сайлауын өткізуге шақырды
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп елдің жаңа президентін сайлауға шақырды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
Саясаткердің айтуынша, ФБР сайлау алдында Джо Байденнің ұлы Хантердің ноутбукке қатысты оқиғасын жоқ қылып жіберді. Өйткені егер ФБР олай істемесе, Трамптың 2020 жылы президенттік сайлауда «оңай» жеңіске жететіні белгілі еді.
«Бұл мәселенің шешімі – нақты жеңімпазды жариялау немесе 2020 жылғы сайлауды жоққа шығарып, жаңа сайлау өткізу», - деп жазды Трамп.
Taulik.kz