Жаңалықтар

Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды

Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымынан босатылды. Ералы Тоғжанов 1963 жылы 13 мамырда Орал облысының Ақжайық ауданындағы Шағатай ауылында туған. Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1988), құқықтанушы. Заң ғылымдарының кандидаты (1995). Еңбек жолында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, ҚР Әділет министрлігінің дін жөніндегі комитетінің төрағасы, Маңғыстау облысының әкімі, Қазақстан кәсіподақ федерациясының төрағасы болып еңбек етті. Кейінгі жылдары Қазақстан Республикасының премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарды.

Taulik.kz