Алматы облысында зауыт жарылып, бір адам қаза тапты

1 қыркүйек, 2022 / taulik
ашық дереккөзі
Алматы облысында зауыт жарылып, бір адам қаза тапты Алматы облысы Іле ауданындағы зауыттардың бірінде газ-ауа қоспасы жарылып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Taulik.kz.  Іле ауданының Өтеген батыр кентінде орналасқан PolpanInsulation ЖШС зауытының жылу оқшаулағыш плита өндіретін ғимаратында газ-ауа қоспасы жарылған.
«Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 50 шаршы метр алаңда қос қабатты ғимараттың жанып жатқанын және шатыр мен қабырғаның құлағаны анықтады. Оның жалпы ауданы - 1250 шаршы метр», - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.

Taulik.kz