Ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырған жоқ - ТОҚАЕВ
Ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырған жоқ - ТОҚАЕВ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәл қазір өз Жолдауын жариялауда, деп хабарлайды Taulik.kz.
«БІРІНШІ БАҒДАР. ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ. Біз экономикамызда қордаланған мәселелерді жақсы білеміз. Мысалы, шикізатқа әлі де тәуелдіміз. Еңбек өнімділігі төмен, инновация жеткіліксіз. Ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырған жоқ. Әрине, мұның барлығы – күрделі мәселелер. Бірақ, оны шешудің нақты жолдары бар»